Павлодарда екі адамды иттер талап тастаған

11 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Павлодардағы Қамзин көшесінде тубдиспансердің маңында екі ит 39 жастағы ер адамға шабуылдады. Жедел жәрдем көлігі қасында өтіп бара жатып, ер адамды құтқарған қалған.

Жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл осы күні сол иттер 42 жастағы әйелді де қауып алған. Екеуі де №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.

– Ер адамның білегінде, жамбасында, жіліншігінде және арқасында тістелген, жырымдалған жаралары бар. Ал әйелдің арқасы тырналған, білегі тістелген, – деп түсіндірді ауруханада.

Екі науқас құтыруға қарсы екпе алып, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Оқиға орнына жергілікті полиция қызметімен бірге ит аулау қызметі келіп жетті.

– Екі кавказдық қойшы иттер қызметкерлерге агрессивтілік танытқан. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында иттердің бірін ұйықтатып тастадық, екіншісін иесіне тапсырдық, – деп хабарлады облыстық ветеринария қызметі.

Ал жануарлардың иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Тэгтер:

Павлодар ит талау