Астана маңындағы «Балқарағай» демалыс орнын құрт-құмырсқа басып кетті

11 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Желіде Астанадағы «Балқарағай» демалыс орнына шағымданып жатыр. Назгүл Талипова Instagram парақшасында құрбысының жалдаған бөлмесін құрт-құмырсқа басып кеткенін айтып, видео жариялады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Азаттық рухына сілтеме жасап.

«Күні бойы бассейнде демалып, кешке бөлмемізге оралғанда осындай сұмдыққа тап болдық. Айналаның бәрін жәндіктер басып кеткен. Сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деді ол.

Айтуынша, құрбысы бұл туралы демалыс орнының әкімшілігіне дереу хабарлаған, алайда қызметкерлер еш шара қолданбаған.

«Оларға бөлмені ауыстырып бермеген, ақшасын да қайтармаған. Мұндай сорақы жағдайға қалайша көз жұма қарап, жауапсыз қалдыра салуға болады? Мекеменің беделін де ойламайды екен. Жазда адамдар қайда баратынын көрсін, менің жазбамды бөлісіңіздер», - деді автор.

Тэгтер:

Астана Құрт құмырсқа Балқарағай демалыс орын