Есірткімен күрес пәрменді жүріп жатыр

11 шілде, 2025 / Арайлым Жолдасбекқызы

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күрес пәрменді түрде жүргізіліп келеді. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер синтетикалық және «дәстүрлі» есірткі тарату арналарына соққы беріп, жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға баса назар аударып отыр. Жыл басынан бері ондаған ірі қылмыстық топ әшкереленіп, заңсыз айналымнан жүздеген келі есірткі тәркіленді. Сарапшылардың айтуынша, бұл бағыттағы жүйелі шаралар қоғамдағы қауіпсіздікті арттыруға елеулі үлес қосуда.

Шымкентте жастар арасында есірткіге қарсы 100-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілген. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді. 
–  Шымкент қаласы полиция департа­менті «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмыстарының жолын кесу және оның заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Деп­ар­тамент қызметкерлерінің жедел-іздес­тіру шараларының нәтижесінде 2025 жыл­дың алғашқы жартыжылдығында есірткіге қатысты 286 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 101-і қылмыс, 185-і қыл­мыс­тық теріс қылық ретінде тіркелген. Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 61-і есірткі сату дерегі, 9-ы аса ірі көлем­де сақтау, 6-уы заңсыз жарнама, 22-сі есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру фактісі болды. Заңсыз айналымнан барлығы 100 келіге жуық есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 60 келіден астамы – марихуана, 16 келіден астамы – синтетикалық есірткі. Синтетикалық есірткімен күресті күшейту мақсатында интернет кеңістігіне мони­торинг жүргізілді. Нәтижесінде, есірткі саудасына қатысы бар 1001 интернет-сайт пен әлеуметтік желі парақшалары бұғаттау­ға жолданды. Сонымен қатар қылмыстық әрекеттерде қолданылған 1 380 банк шоты анықталып, бұғатталды. Жалпы сомасы 46 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды. Синтети­калық есірткіні интернет арқылы тарату­дың 33 дерегі тіркеліп, оның 17-сі бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды. Аталған істер бойынша 38 адам ұсталып, жауапкер­шілікке тартылды, – деді Құрманбек Сахов. 
1 маусымда Шымкент қаласында «Қара­сора – 2025» жедел алдын алу шарасы басталды. Операцияның алғашқы айында 29 келіден астам есірткі тәркіленген. Оның ішінде 17 келісі – сора өсімдігі, 8 келіге жуы­ғы – синтетикалық есірткі, 5 келіден ас­тамы – марихуана. 
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу – қоғамның маңызды міндеті. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына, психикасына және болашағына орасан зор зиян келтіреді. Сондықтан мектептер мен жоғары оқу орындарында ақпараттық тү-
с­індіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, жа­старға салауатты өмір салтының артық­шы­лықтары қанша айтылса да артық болмайды. 
Психологиялық қолдау көрсету, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және спорт­тық іс-шараларды дамыту – нашақорлық­тың таралуына жол бермеудің негізгі жол­дары. Әрбір жас өзінің өмірі мен ден­сау­лығы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Осы орайда қала аумағында жастар ара­сын­дағы нашақорлықтың алдын алу ба­ғытында да кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, оқу орындары мен жастар көп шоғырланатын орында 106 профилак­ти­калық іс-шара ұйымдастырылған. Бұл шаралар 23 мыңнан астам оқушы мен студентті қамтыған. 
Биыл Жамбыл облысында да есірткіге қарсы күрес шаралары қызу жүргізіліп жатыр. Мәселен, жарнамасы бар 225-тен астам граффити өшірілді. Жыл басынан бері Жамбыл облысында 249 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 115 қылмыс, 134  қылмыстық теріс қылық бар. 
 Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 1 тонна 882 келі түрлі есірткі заты тәркіленген. Бұл – өткен жылдағы көрсеткіштен жоғары. Облыс аумағынан басқа өңірлерге есірткі затта-
р­ын тасымалдайтын 11 арнаның жолы кесілген. 150 келіден астам кептірілген марихуана, 130 келі гашиш тәркіленіп, 12 адам ұсталған. Жыл басынан бері синтети­калық есірткілердің заңсыз айналымымен айналысқан 14 адам ұсталып, олардан 10 келіден астам синтетикалық есірткі, 2 тоннаға жуық прекурсорлар тәркіленді. Соны­мен қатар 1 есірткі зертханасы анық­тал­ды. Синтетикалық есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Мәселен, «Кибер­надзор» ақпараттық жүйесі арқылы 1 983 сайт бұғатталып, «Антифрод» жүйесіне 
1 500 банк шоты бұғаттауға жолданып, 50 млн теңгеден астам қаржы шығыны тоқта­тылды. Аталған кезеңде оқу орындарында және жастар көп жиналатын орында 506 профилактикалық іс-шара өткізілді. 
Жамбыл облысы аумағындағы «Қара­сора–2025» республикалық жедел-про­филактикалық іс-шарасының алғашқы айында Полиция департаменті мен жергі­лікті атқарушы органдар бірлесіп жүргізген рейдтер нәтижесінде 1 200 тоннадан астам жабайы өскен қарасора жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Ал Павлодар облысындағы «Қарасора – 2025» іс-шарасы аясында 73 келі есірткі тәркіленді.  
– Аталған кезеңде полицейлер есірт­кі­нің заңсыз айналымы желісі бойынша же­дел жағдайды тұрақтандыруға бағыттал­ған іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. Нәти­жесінде, есірткінің заңсыз айналымы саласында 24 құқық бұзушылық тіркелді, 13 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заң­сыз айналымнан 73 келіден астам есірт­кі, оның ішінде – 2 келі синтетикалық ес­ірткі тәркіленді, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов. 
Оның айтуынша, есірткінің бұл түрле-
р­ін таратумен, әдетте, жеңіл ақша тапқысы келетін және жасалған іс-әрекет үшін жауап­кершілікті түсінбейтін жастар қата-
р­ындағы адамдар айналысады. Операцияны жүргізу кезеңінде жергілікті полиция қыз­меткерлері жабайы қарасораның өсу фактілерінің жолын кесу бойынша бір­қатар алдын алу іс-шараларын ұйым­дас­тырды және жүргізді, соның нәтижесінде құра­мында есірткі бар өсімдіктерді жоюға уа­қытылы шаралар қолданбағаны үшін төрт азамат жауапқа тартылып отыр.

А.Бименді

Тэгтер:

Есірткі күрес пәрменді