Мемлекет басшысы Швейцария Ұлттық Банкін басқарушылар кеңесінің төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Швейцария Ұлттық Банкі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық мамандар Қазақстанның Ұлттық Банкіне тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері секілді бағыттар бойынша техникалық көмек көрсететінін атап өтіп, олардың қызметіне жоғары баға берді.
Ал Мартин Шлегель Қазақстан мен Швейцария Ұлттық Банктері арасында ақша-кредит саясаты мен цифрлық қаржы салаларындағы диалогты дамытып өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді.
Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын ұлттық валюталарға деген сенімді нығайту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері талқыланды.