Жаңалықтар

Қытайлар батысқазақстандық шұжықты тұтынбақ

ашық дереккөзі

Қытайлар батысқазақстандық шұжықты тұтынбақ

Қазақстанның ірі аграрлы экспорттық өнім өндіруші елге айналуына мүмкіндігі мол. Бұл ретте «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталонына айналуы тиіс. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты биылғы Жолдаудағы басым бағыттарды батысқазақстандық өнім өндірушілер де басшылықа алып отыр. Мәселен, етті қайта өңдеуге маманданған шұжық фабрикасы өз өнімдерін Ресей мен Қытай нарығына шығара бастамақ. Бұл туралы 24.kz хабарлады.  Шұжық фабрикасы ауысымына 50 тоннадай дайын өнім өндіруге қауқарлы. Қайта өңделетін шикізат тек қана жергілікті шаруашылықтардан сатып алынады. Жаңа өндірістік желілерді іске қосудың арқасында өнім түрі 200-ге жетті. Ал вакуумды қаптама дайын өнімнің ұзақ сақталуына септігін тигізеді. Дмитрий Тарасенков,  кәсіпорынның бас технологы: - Қондырғылардың барлығы да замануи, өндірістік желілер түгелдей автоматтандырылған. Шикізат ретінде тек қана таза ет пайдаланылады. Дайын өнім ешқандай қоспасыз, табиғи дәмдеуіштерден ғана тұрады. Таяуда жеңсік ас ретінде тауық етін өңдейтін жаңа желі іске қосылады. Күзге қарай жылына 6 мың тонна ет өңдейтін құс фабрикасын ашу көзделіп отыр. Сол кезде тұтынушылар шеттен келетін тауық етінен толықтай бас тартатын болады. Жоспар көп. Оны іске асыруға  мүмкіндігіміз мол, - дейді кәсіпорын басшылары. Темірғали Ескендіров, етті қайта өңдеу кәсіпорнының басшысы: - Екі орындалған жоба бар. Ол енді 13 мың мал бордақылайтын алаңы және қазіргі біздің келіп отырған ол шұжық фабрикасы. Жартылай фабрикаттар мен шұжық шығаратын фабрикасы. Ол екі жылдай болды жұмыс істеуде. Өнімдерімізді бүкіл Қазақстанға жеткіземіз. Биыл жергілікті шаруашылықтар 2,5 мың тонна ет және ет өнімдерін экспорттауды жоспарлап отыр. Ұсақ шаруа қожалықтарын ірілендіру бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып, бірнеше мал бордақылау кешені іске қосылмақшы.