Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасында 129 млн теңге жымқырылған

11 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасының» лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Агенттіктің мәліметінше, аурухананың бас есепшісі медициналық кереуеттердің сатып алу бағасын үш есеге көтеру арқылы мемлекет қаржысын жымқырған.

«Жоғары бағаны көздеген күдікті, жұбайы дайындаған жалған баға ұсыныстарын қолданаған.

Өткізілген тендердің нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған.

Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген.

Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған.

Осылайша, негізсіз қосылған шығын көлемі 129 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді.

Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тэгтер:

Аурухана Бюджет Қызылорда жымқыру инфекция