Алматы маңындағы тауларда жоғалып кеткен жігіттің қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі Lider.kz еріктілер тобына сілтеме жасап.
«Қаза тапты. Табылды. Марқұмның туған-туыстарына қайғымызды білдіреміз», – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де жоғалған жігіттің өлі күйінде табылғанын растады.
«Денеден зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген департаменттің мәлімдемесінде.