"Топырлап күтіп тұрады": Төреғали Төреәлінің қарындасы сауда орталығында лифтіні қолданатын жастарға шүйлікті

11 шілде, 2025 / Дана Ізтілеуова

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина сауда орталығындағы лифтіні қолданатын жастарға назын жеткізді.

(Сауда орталығындағы) лифт негізінен келесі адамдар үшін арналған:

1. Арбамен жүргендер үшін

Балалар арбасымен жүрген аналар

Мүгедектер арбасындағы адамдар

Қозғалысы шектеулі адамдар

2. Жасы үлкен кісілер үшін

Жүріп-тұруы қиын, баспалдақпен жүруде қиналатын ата-әжелер үшін

Өзі үш-ақ этаж. Жастар топырлап коляскамен жағаласып лифтті күтіп тұрады ғой, шіркін.

Дәл лифттің жанында эскалатор орналасқан", – деп жазды Дина.

Тэгтер:

сауда орталығы Төреғали Төреәлінің қарындасы Лифтіні қолдану