"Ешкімнің беделіне қарамаймыз. Көкесін көрсетеміз": Елдос "Колобок" ашуға булығып, үндеу жасады

11 шілде, 2025 / Дана Ізтілеуова
Скриншот

Асаба, әзілкеш, Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірханов әлеуметтік желідегі парақшасында әйелі Таңшолпан Шотаеваның жүктілігіне қатысты дауға пікір білдірді.

"Жақсылық істесең де жақпайды екен. Үндемей отыр едік, болмайды екен. Ертең бәрін айтамыз. Ешкімнің көңіліне, беделіне қарамаймыз. Бізді емдеген дәрігерімізден кешірім сұраймыз, оларға реніш жоқ. Жұмыстан шығып кетіп, қай клиникаға барады, сол клиниканы жарнамалаймын! Себебі олар – өте мықты дәрігер", – деді әзілкеш.

Сонымен қатар ол ешкім хабарласып тоқтатпауын айтты.

"Бүгінше жылап алайық, ертең ДІҢК ДІҢК деп сөйлегеннің көкесін көрсетеміз. Ешкім звондап тоқтатпай-ақ қойсын, телефонды алмаймыз", – деді ол.

Тэгтер:

Елдос Колобок Таңшолпан Шотаева Ашуға булығу