АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында салынып жатқан тоннельде ішінара опырылу оқиғасы болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға кезінде ішінде 31 жұмысшы болған, олар шамамен 9,6 шақырым тереңдікте қалып қойған.
Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, барлық жұмысшы оқиғадан кейін шамамен бір сағат ішінде құлаған жер астынан аман-есен шығарылған.
Қала мэрі Карен Басс әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде зардап шеккендердің барлығы құтқарылғанын растады.