Белгісіз әйел Польшаның премьер-министрімен кездесуге бензин алып барған

10 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото: Reuters, Laurent Dubrule

Әйел Польша премьер-министрі Дональд Тускпен кездесу үшін бес литрлік канистрмен үкімет кеңсесіне кірмек болды, деп хабарлады turkystan.kz RFM FM радиостанциясына сілтеме жасап.

Кейінірек өрт сөндірушілер канистрде бензин болғанын анықтаған.

"Әйел медициналық және психиатриялық көмекке мұқтаж. Қазір ол ауруханаға жеткізілді, сонда дәрігерлердің бақылауында болады", – деді Польшаның Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Яцек Добжиньски.

Оның айтуынша, әйел премьер-министрмен сөйлескісі келген. Себебі оның үйіне құрылыс материалдары ұрланған.

Тэгтер:

Польша Бензин