Алматы облысында қойма өртеніп кетті

10 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖМ

10 шілдеде Алматы облысының Іле ауданында ірі өрт болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) хабарлауынша, оқиға Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты М.Түймебаев ауылы, Первомайские пруды көшесінің бойында болған.

Өрт сөндірушілер жоғары разрядта жұмыс істеп жатыр.

«Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруді жоғары өрт жүктемесі және қатты түтін қиындатып отыр. Үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Қаза тапқандар туралы 112-ге ақпарат түскен жоқ», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өртті сөндіруге авиация жұмылдырылды.

Бір күн бұрын, 9 шілдеде Алматыда жолда «Газель» көлігі өртеніп кетті.

Тэгтер:

Алматы облысы өрт қойма