Қазақстанның сыртқы қарызы рекордтық сомаға жетті

10 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 170,5 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.

Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 5,7 млрд долларға өскен, оның ішінде 3,4 млрд доллар – төлем балансының операциялары есебінен, ал 2,3 млрд доллар – валюта бағамының, құндық және өзге де өзгерістердің есебінен.

«Қазақстанның сыртқы қарызының бастапқы өтеу мерзіміне қарай құрылымында 87,1%-ы ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) сыртқы қарызға тиесілі, бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтса, екінші жағынан нарықтық жағдайлардың жалпы өзгерісінің қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге әсерін күшейтеді», – делінген хабарламада.

Қазақстанның сыртқы қарызының құрылымында резидент еместерден алынған кредиттер мен қарыздар (71,9%), сондай-ақ олардың қолындағы борыштық бағалы қағаздар (9,3%) басым.

Қазіргі сыртқы қарыз – ел тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ұлттық банк келесі мәліметтерді келтіреді:

Қазақстанның ең ірі сыртқы қарызы Нидерланды алдындағы қарыз, одан кейін Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Қытай және Бермуд аралдары орналасқан.

Тэгтер:

Бюджет экономика берешек сыртқы қарыз