Павлодарда квадрицикл мінген зейнеткер көз жұмды

10 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодарда отбасымен бірге төрт дөңгелекті велосипедпен (квадроцикл) серуендеп жүрген зейнеткер көз жұмды. Полиция бұл фактіге қатысты іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті.

Еске салайық, шілденің 7-сіне қараған түні қаладағы Орталық жағалауда әйел адам үш баласы және анасымен бірге төрт дөңгелекті велосипедпен серуендеп жүрген. Төмен түскен кезде басқаруға ие бола алмай, квадроцикл металл қоршауға соғылған. Құлау салдарынан зейнеткер әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның қызы мен немерелері ауруханаға жеткізілді.

Тэгтер:

Павлодар зейнеткер квадрицикл