Қазақстандық зілтемірші, 19 жастағы Сергей Веселов Сауд Арабиясында ұсталды. Бұл туралы оның әкесі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты сілтеме «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Сергей 19 маусым күні Астанадан Ыстанбұлға демалуға ұшып кеткен. Бір апта бойы ол туыстарымен байланыста болған, бірақ кейін кенеттен хабарсыз кеткен. Іздестіру жұмыстары барысында әкесі ұлының Медина қаласында жүргенін анықтаған. Алайда ол бұл қалаға не себепті барғанын отбасы білмейді.
– Қазір оның тірі екенін білдік. Тергеу изоляторында отыр. Бірақ қай бөлімде екені және қандай бап бойынша айыпталып жатқаны айтылмай отыр. Консул уақыт қажет екенін жеткізді. Ұлым Сауд Арабиясында, Медина қаласында, – дейді Сергейдің әкесі.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты «За нами уже выехали» басылымына растады.
– Ол Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Қазіргі уақытта Медина қаласында. Әзірге ресми айып тағылған жоқ. Жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз, – деп хабарлады ҚР СІМ.
Айта кетейік, Сергей Веселов — Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері және Азия чемпионы.