Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады

10 шілде, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

«Теңге» кен орнында төтенше жағдай орын алды. Бұрғылау мұнарасы кеше түстен кейін құлаған. Куәгерлер бұл сәтті видеоға түсіріп үлгерген. Кадрларда алып құрылымның жерге құлаған сәтте күрт майысып жатқаны көрінеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

«Аталған оқиға – оқыс оқиға ретінде тіркеліп отыр. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, қауіпті өндірістік нысанды пайдаланушы ұйым тарапынан комиссиялық тергеу жүргізілетін болады», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Теңге» кен орнында бұрғылау жұмыстарын «Petro НефтеГазСервис» ЖШС жүргізіп жатыр.

 

Тэгтер:

Маңғыстау кен орны бұрғылау мұнарасы