Павлодар облысында жүргізуші бензин құйылған цистернаға құлап кетті

10 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Павлодар – Қызылорда тасжолында 8 шілдеге қараған түні ер адам цистернаға құлап, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға Береке мен Тортқұдық ауылдарының арасында болған.

«MAN маркалы жүк көлігінің автоцистернасында жүргізуші қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бензин құюға тырысқан сәтте цистернаға құлап кеткен», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

Павлодар облысы жүргізуші Бензин Цистерна