Әмір Омарханов «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты

10 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында жұптық сында “Уимблдон” турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жерлесіміз жұптық сайыста ресейлік Егор Плешивцевпен бірге өнер көрсетуде.

Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Әмір Омарханов/Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг/үндістандық Криш Туягимен кездеседі.

 

 

Тэгтер:

Турнир Әмір Омарханов