«Соны біле жүріңіздер»: Салтанат Байқошқарованың сіңілісі Елдос «Колобоктың» жаңалығынан соң мәлімдеме жасады

Бүгін, 12:39 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Белгілі «Экомед» клиникалар желісінің басшысы Салтанат Байқошқарованың сіңілісі Перизат Байқошқарова әлеуметтік желіде маңызды үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол блогер Елдос «Колобок» пен Таңшолпанның 9 жылдан кейін сәбилі болайын деп жатқаны эко саласын зертеп жүрген апасы Салтанат Байқошқарованың арқасы екенін айтты.

«Бізге көпшілік Елдос «Колобок» пен Таңшолпанның балалы болатынын айтып, құттықтаулар жазып, «Экомед» клиникасының ұжымына рахмет айтып жатыр. Баласыз жұптарға сәби сыйлап, ажырасудан сақтап қалуға көмектесіп жүрген және  еңбегі сіңіп жатқан бұл менің әпкем  Салтанат Берденқызы Байқошқарова деп біліңіздер.

Ол 30 жыл бұрын Қазақстанға эконы енгізген және ер адамның бедеулігі кезінде ұрығы өздігінен шықпайтын сәтте ұрықты табатын замануи микраскопты тауып, әкелген. Ғылымды дамытып, өркендетіп, барлық дүниенің артында тұрған  сол кісі. Соны біле жүріңіздер.

 Күнделікті бізде мұндай жағдай бірінші рет емес қой Елдос «Колобок» сияқты. Бізде ұрығы жоқ ер адамдар көп. 100 отбасы болса соның елуінде әйел адам, елуінде ер адам бедеу болып келеді. Сондықтан бұл Экомедте күнделікті жасалып жатқан операция», - деді ол.

Алайда Перизат Байқошқарованың айтқан сөздері желі қолданушыларына жақпай қалды.

«Неге ренжіп айтып тұрсыз, алдымен Алланың қалауы және содан кейін «Экомед» клиникасы. Ол кісіні әрине білетіндер бар. Клиниканы Таншолпанның өзі де нүкте қойып тұрып айтып отыр ғой», «Ең бірінші Алла тағаланың қалауымен болған жағдай ғой», «Салтанаттың аты қосып аталмады деген реніш па?», «Мына кісінің сөз саптауы зілді екен, Салтанат Байқошқарова ханымның не істеп, не жасағанын бүкіл қазақ біледі», «Сіз әпкеңіз Салтанатты айтып беделіңізді көтеремін деп абыройыңызды түсіріп тұрсыз», «Басқа кісілердің аты аталғанын кішкене көре алмай қалдыңыздар ма?», «Бұл кісінің реніші бар сияқты көрінді, сұхбат беріп бізді атамады бізге рахметін айтпады дегендей болып тұр ғой», «Елдостар тегін жасатқан жоқ қой», - деп жазды оқырмандар. 

Тэгтер:

Бала блогер сәби ЭКО Салтанат Байқошқарова Елдос «Колобок