Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

9 шілде, 2025 / Алуа Арман

Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев ауыр жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні өңірдегі тас жолдардың бірінде болды. Көлікті оның жүргізушісі басқарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шенеунік шұғыл түрде облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, Масабаевқа аралас жарақат, ми шайқалуы, жабық кеуде жарақаты, қабырғаларының сынуы және көптеген көгерулер диагнозы қойылған. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Әсет Масабаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің орынбасары қызметін атқарады. Ол құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, энергетика, сәулет және қала құрылысы салаларына жетекшілік етеді.

 

 

Тэгтер:

Жол апаты әкім орынбасары Әсет Масабаев