Алматы тұрғыны мүгедектер арбасындағы әкесін жұрттың көзінше сабаған

9 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Әлеуметтік желіде жас жігіттің әкесін сабаған видеосы тарады. Бұл оқиға желі қолданушылары арасында үлкен наразылық тудырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбада ер адам мүгедектер арбасында отырған қарт адамның бетіне бірнеше соққы жасап жатқаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккен адам – шабуыл жасаған адамның әкесі.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған, қарт адамға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді бейнелейтін бейнежазба бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаға қатысушылар анықталуда. Дене жарақатын келтірген адамның әрекетіне құқықтық баға берілетін болады», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция сонымен қатар мынаны ерекше атап өтті: жанжалдың себептеріне қарамастан, мүгедектер арбасында отырған қарт адамға күш қолдану — ешқандай жағдайда ақтауға келмейтін әрекет және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

 

 

Тэгтер:

әке ұл қария мүгедек