Алматыдан 321 шықырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін, 10:58 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстандық сейсмологтар 9 шілде күні таңертең жер сілкінісін тіркеді. 

Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының мәліметінше, Астана уақытымен 8:29-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 321 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет жоқ.

 

Тэгтер:

Алматы Жер сілкінісі