Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 08:58 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 — 523 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 9 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 609,36.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 606 сату құны — 612.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 607 теңгеден сатып алынып, 614 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,45— 6,61 аралығында саудаланып жатыр.