Ушу спортынан Азия чемпионатында ел қоржынына 8 медаль түсті

Бүгін, 09:02 / Інжу Әлихан

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогы аяқталды.

Халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырған жарысқа құрлық пен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан командасы биыл 9 ушу шеберін апарып, 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

1-орын: Бексұлтан Қоскенов (65 кг)

2-орын: Дияр Хамраев (90 кг)

2-орын: Ислам Иминов (48 кг)

3-орын: Карим Иминжанов (56 кг)

3-орын: Нұрислам Авутов (52 кг)

3-орын: Расул Тұрғанжанов (75 кг)

3-орын: Юлтуз Юлдашева (60 кг)

3-орын: Карина Исмаилова (75 кг)

Осылайша, Ұлттық құрама жарысты жалпы есепте 6-орында аяқтады.