Танымал психолог Гүлнәз Қалиқызы Instagram-дағы парақшасында жұртқа кеңес берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өзін әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі емес екенін айтып ақталды.
Психолог «Тұрсынбектің екінші әйелі мен екенімді қалай айтарымды білмей жүрмін» деген тақырыппен видео жүктеді.
"Мен Тұрсынбектің екінші әйелі емеспін. Бірақ бұл жайлы айтпаған адам қалмаған шығар. Шыны керек, кімнің не істегені – әркімнің жеке таңдауы. Өз басым бәріне тек бақыт тілеймін. Өйткені біреудің өмірі – біздікі емес. Қандай жағдай болса да, бұл – олардың шаруасы. Біз тек өз өмірімізге қарап үйренуіміз керек шығар", – деп жазды ол.