Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды су қоймасында суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
2009 жылы туған бала 4 шілде күні тыйым салынған аумақта шомылып жүрген кезде суға батып кеткен. Құтқарушылар оның денесін 8 шілде күні таңертең оқиға орнынан шамамен 500 метр жерден тапты.
Екпінді жел мен көлдегі үлкен толқындар іздеу жұмыстарын қиындатты. Соған қарамастан, сүңгуірлер тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеді, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.