Астана мен Алматыда ауа-райы бұзылады

8 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Синоптиктер 9-11 шілде аралығында Астана мен Алматыға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанадағы ауа райы

9 шілде – елордада бұлтты күн райы күтіледі, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел түнде солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.

10 шілде – бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C.

11 шілде – бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.

Алматыдағы ауа райы

9 шілде – қалада бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.

10 шілде – бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, кей кездері екпіні 18 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +28...+30°C.

11 шілде – бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, кей кездері екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +26...+28°C.

Тэгтер:

Найзағай Жаңбыр Дауыл жауын-шашын нөсер ауа-райы