Ақтауда 10 мың адамға арналған заманауи стадион салынады

8 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы ҚКО

8 шілде күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен Ақтау қаласында салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасы талқыланды.

Жиында «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС өкілдері жобаны таныстырды. Жоспар бойынша Ақтауда 10000 көрерменге арналған көпфункционалды стадион бой көтереді. Жаңа спорт нысаны заманауи талаптарға сай салынып, футбол академиясымен жабдықталады. Мұнда спортшыларға қажетті барлық жағдай жасалып, оқу-жаттығу алаңдары, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық пункт пен жаттығу залдары қарастырылады.

Жобалау жұмыстары келесі жылы толық аяқталып, құрылыс кезеңіне өту жоспарлануда.

Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай жобалау-іздестіру жұмыстарын бақылауда ұстауды және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Тэгтер:

Ақтау стадион