Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

8 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.

Екінші орынға өзбекстандық Бекзод Гофиржонов орналасты - 341 (151+190) келі. Үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши иеленді - 338 (152+186) келі.

Айта кетейік, 8 шілдеде Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатын.

Тэгтер:

зілтемір ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков