Қарағандыда пойыз қаққан әйел аман қалды

8 шілде, 2025 / Алуа Арман
ҚТЖ

2024 жылғы 7 шілдеде Қарағанды – Сұрыптау – Ағадыр учаскесінде жолаушылар пойызы әйел адамды қағып кетті. Машинист пойызды шұғыл тежегенмен тоқтап үлгермей, әйел адамды қаққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зардап шеккен әйел аяғын сындырып алған. Ол Қарағанды-Сұрыптау станциясында жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мас болған.

«Оқиға салдарынан пойыз 18 минутқа кешікті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, ақпарат құқық қорғау органдарына берілді», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Қарағанды Пойыз пойыз қағу