«Нұрбектің шаршағаны көзінен-ақ көрініп тұр»: Экс-бас бапкер Нұрбек Оралбайдың Астанадағы жеңілісі туралы айтты

8 шілде, 2025 / Інжу Әлихан

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Дамир Буданбеков құрама көшбасшысы, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдың Астанадағы әлем кубогінде жеңілісіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sportbugin.kz- ке сілтеме жасап.

 «Нұрбек шаршаған. Орысша мұны «переутомление» дейді. Оның шаршағанын көздерінен-ақ білуге болады. Соңғы кезде көп жарысқа шықпады, мұның да әсері бар. Нұрбек әлі жиналады деп ойлаймын.

Айбекке келер болсақ, аса ауыр салмақта сенімді жұдырықтасу үшін оған әлі де пісу керек. Жетілу керек. Масса жинағаны көрініп  тұр. Олимпиадаға дейін үш жыл бар, бәрі реттеледі», — деді Д. Буданбеков.

Тэгтер:

Астана бокс жеңіліс әлем кубогі Нүрбек Оралбай