Ақмола облысында су құбырын жөндеп жатқан жұмысшылар қаза тапты

8 шілде, 2025 / Алуа Арман
pixabay.com

Целиноград ауданының Қараөткел ауылында су құбыры желісін монтаждау кезінде құдықта қайғылы оқиға орын алды. Тағы екі жұмысшы ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлігі “Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

“Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр. Полиция департаменті жұмыс берушілерге: қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша үнемі нұсқаулық өткізіп, оқыту ұйымдастыруды, жеке қорғаныс құралдарының қолданылуын бақылауды, сондай-ақ еңбек процесін ұйымдастыруда анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюды ескертеді”, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

жұмысшы Су құбыры