Шымкентте 3 жастағы бала терезеден құлап кетті

Бүгін, 12:50 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан кішкентай бала құлап, алған ауыр жарақаттарынан қаза тапты, деп хабарлады Turkystan.kz.

Қайғылы жағдай «Туран» шағын ауданында болған.

Оқиға сәтінен бейнежазбаны KopSoz Telegram-арнасы жариялады. Қазір оқиғаның нақты мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға болған сәтте бала үлкендердің қарауынсыз қалған.

Қазақстанда жыл сайын осыған ұқсас ондаған қайғылы жағдай тіркеледі. Тек 2024 жылдың өзінде терезеден құлап кеткен 223 бала тіркелген.

Құтқарушылар мен дәрігерлер ата-аналарға балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы бекіткіш құрылғылар орнатуға кеңес береді.

Тэгтер:

Шымкент Бала Терезе