Астанада жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Бүгін, 12:47 / Алуа Арман

Елордада Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды: Hyundai жеңіл көлігі жедел жәрдем көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соққының қатты болғаны соншалық, жедел жәрдем көлігі жолдың қақ ортасында аударылып қалды.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Медициналық тексерістен кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық деп танылып, үйлеріне жіберілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, апаттың барлық мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

Жол апаты Жедел жәрдем