Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінің бағасын жариялайды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте ведомство басшысы Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жұмыс басталып кетті. Бұл іспен Экология министрлігі айналысып жатыр. Біздің міндет – ет комбинаттарын қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда 18 ет комбинаты тіркелген, барлығында ветеринарлар жұмыс істейді. Қазір біз есептеп жатырмыз: қандай бағада қабылдайды, қалай сатады – бұл көп жағдайда логистикаға байланысты, сондықтан да түпкілікті баға соған тәуелді болады. Қосымша бір апта немесе 10 күн ішінде 1 келі киік етіне қатысты (баға туралы – ред.) жауап береміз», – деді министр.
Бұған дейін Қазақстанда киік етінен шұжық жасала бастағаны хабарланған еді.