Пассив-агрессив нарцисс: Үнемі кекетіп-мұқатып сөйлейтін адамдардан қалай қорғануға болады?

8 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

"Сен бүгін сондай әдемі болып кетіпсің, тіпті танымай қалдым". Жылы лебіз, жақсы сөз сияқты естіледі, бірақ мұндай сөздердің астарында пассив-агрессив мінез жатуы мүмкін. Кейбір адамдардың емеурінмен сынауы, ұдайы үндемей қалуы немесе сізді елемеуі жай ғана көңіл-күй емес, бұл нарциссизмнің белгілері болуы ықтимал.

Психологияда нарциссизм екіге бөлінеді:

  1. Адуынды нарцисс – өзін ерекше әрі басқалардан артық санайды, жетістіктерімен мақтануға бейім.
  2. Әлсіз нарцисс – өте сезімтал, сәл сынның өзін ауыр қабылдайды және әрдайым мақтауға мұқтаж.

Екеуі де өзімшіл әрі агрессияға бейім, бірақ пассив-агрессив тәсілдерді әлсіз нарцисстер жиі қолданады.

Олар неге бұлай істейді?

Басқалардан үстем болғысы келеді. Мысалы, әріптесінің беделін түсірсе, өзі жоғарылау мүмкіндігі артады деп ойлайды.

Тез ренжиді. Мейрамға шақырылмай қалса да, өзін шеттетілгендей сезініп, жауап ретінде сізді кекетуі немесе елемеуі мүмкін.

Мұндай адамдар эмоциялық шабуылдарды тікелей емес, жасырын түрде жүргізеді. Мысалы:

Бұл сіздің психикалық денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

Мұндай мінез-құлық жүйкеңізді жұқартып, эмоциялық шаршауға, тұрақты күйзеліске, өз-өзіңізге сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Сіз өз қажеттілігіңізден бас тартып, тек басқаларды ойлай бастайсыз, бұл – дабыл белгісі.

Не істеуге болады?

Кей жағдайда адамнан алыстау мүмкін емес. Бәрін өзгерте алмайсыз, бірақ өз реакцияңызды, өзіңізге деген қарым-қатынасты өзгерте аласыз. Және ең бастысы, бұл сіздің емес, олардың мәселесі.

Тэгтер:

Қорғану пассив-агрессив нарцисс кекету мұқату сақтану