Әйгілі Dyson компаниясы енді құлпынай өсіріп сата бастады

8 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат
коллаж: turkystan.kz (dysonfarming.com суреттері)

Шаш үлгісіне арналған құрылғылар мен шаңсорғыштары арқылы әлемге әйгілі болған Dyson компаниясы енді құлпынай өсіріп жатыр. Олар өздерінің жаңа жобасы аясында 1,2 миллион түп құлпынай еккен. Қазір бұл өнімнің 1 келісі 14 фунт-стерлингке сатыла бастады, деп хабарлайды turkystan.kz dysonfarming.com-ға сілтеме жасап.

Бұл жай ғана тәжірибе емес, мықты технологиямен жабдықталған заманауи ферма. Жылыжай ішінде алып айналмалы дөңгелектер орналасқан, солардың бойында құлпынай өседі. Ал өнімді 16 робот-жинаушы автоматты түрде теріп алады.

Жоба аясында ұнтақ саңырауқұлақпен күресетін шағын лазерлі роботтар да іске қосылған. Dyson бұл арқылы ауыл шаруашылығын толық автоматтандыруды көздейді.

Құлпынай – тез пісетін, нарықта сұранысқа ие өнім, сол себепті компанияның таңдауы соған түскен. Компания болашақта роботталған егін шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Тэгтер:

компания робот ферма өсіру Құлпынай құлпынай өсіру Dyson