Мемлекетке 1,6 млрд теңге салық төлеуден жалтарғандар жазаланды

Бүгін, 11:19 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жалған шот-фактураларды шығару мақсатында қолма-қол ақша компанияларын құрған тұлғалар анықталды. Олардың контрагенттері мемлекет бюджетіне салық төлеуден жалтарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот үкімімен 10 тұлға түрлі компанияларға жалған қаржылық құжаттар беріп, мемлекет бюджетіне 1,6 миллиард теңге көлемінде салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берген ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Аталған салық сомасын төлеуден жалтарған контрагенттер банкрот деп танылғанын ескере отырып, елорда прокуратурасы азаматтық сотқа кінәлі тұлғалардан аталған залалды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот шешімімен Астана қаласы прокурорының талап арызы қанағаттандырылып, сотталғандардан мемлекет кірісіне 1,6 млрд теңге көлемінде залал өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Бюджет салық