Қазақстандық күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

Бүгін, 10:43 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері адам денсаулығына орташа дәрежелі зақым келтірген күдіктіні Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 2012 жылдың 25 наурызында Теміртау қаласында бұзақылық ниетпен жәбірленушіге себепсіз бірнеше рет дене жарақатын салып, жақ сүйегін екі жерінен сындырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кетіп, 12 жылдан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталды.  

Қазіргі уақытта күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан полициясына тапсырылды.

Тэгтер:

күдікті Экстрадиция БАӘ