Астанада 10 автобустың бағыты өзгерді

Бүгін, 09:58 / Алуа Арман
istockphoto.com

Елордада бірнеше автобус бағыты уақытша өзгертілді. Бұл туралы "City Transportation Systems" көлік компаниясы хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, уақытша өзгерістер №21, 26, 30, 32, 35, 46, 50, 53, 55А, 56, 66, 501 бағыттарына қатысты.

Жаңа қозғалыс сызбаларына қатысты толық ақпарат кейінірек нақтыланады. Алайда CTS компаниясы, әсіресе қарбалас уақытта, сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Тэгтер:

Автобус Қоғамдық көлік