Ресей Қазақстанға 2 млн. гектарға жуық жерді қайтарып береді

Ресей Қазақстанға 2 млн. гектарға жуық жерді қайтарып береді

Ресей Қазақстанға 2 млн. гектарға жуық жерді қайтарып береді
ашық дереккөзі
Ресей Қазақстанға бұрын сынақ полигоны үшін жалға алынған 1,6 млн.гектар жерді қайтарып беретін болды. Бұл туралы кеше РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесуі кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС. «Біз бүгін Қазақстан аумағында орналасқан біздің сынақ полигондарымызды пайдалану тәртібіне қатысты екі мемлекетаралық келісімге және оларды жалға алу келісім-шарты туралы екі мемлекетаралық протоколға қол қоямыз»,- деді Шойгу. ТАСС-тың хабарлауынша, әңгіме Сары-Шаған полигоны мен ресейдің ӘӘК-нің жазғы-сынақ алаңдары үшін берілген Ахтубинск 929 аймағы туралы болып отыр. Қазақстан тарапының талабы бойынша Ресей бұл аймақтағы қолданылмай келген және коммуникация мен пайдалы қазбалар бар жерлерді, атап айтқанда  мұнай, алтын, құрылыс материалдары өндірілетін аумақтар мен «Самара-Шымкент», «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік дәлізі өтетін аумақты қайтарып бермек. «Бұл ретте біз Қазақстан тарапының барлық талаптарын ескердік»,- деді Шойгу.