Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 104-ке жетті

Бүгін, 08:57 / Нұрлан Әлинұр
Reuters

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 104 адамға жетті, деп хабарлайды baq.kz.

Керр округі ең көп шығынға ұшырады: мұнда 84 адам, соның ішінде 56 ересек пен 28 бала көз жұмған. Тағы бес округте де адам өлімі тіркелген.

Қазір орталық Техас аумағында су тасқыны қаупі әлі де сақталуда. Құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Техастың Керр округінде төтенше жағдай режимін енгізді. Ол бұл шешімнің құтқарушыларға қажетті ресурстарды жедел алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.