Жаңа Зеландияда қуатты жер сілкінісі болды

7 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Жаңа Зеландия аумағында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлаған.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Ривертон аймағынан оңтүстік-батысқа қарай 208 шақырым жерде орналасқан. Табиғи апаттың ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Қазірге дейін зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

Тэгтер:

Жер сілкінісі Жаңа Зеландия