Кеңседе жұмыс істейтіндердің 70%-ы 4 сағаттан кейін-ақ шаршайды – зерттеу

7 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Жақында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, кеңсе қызметкерлерінің 70 пайызы жұмыс күнінің алғашқы 4 сағатынан кейін-ақ шаршап-шалдыға бастайды, деп хабарлайды turkystan.kz dailystar.co.uk-ға сілтеме жасап.

Шаршаудың басты себептері – бітпейтін жиналыс пен жұмыс чаттарындағы қарбалас.

Қызметкерлердің көбісі сергек болу үшін күніне екі кесе кофе ішеді, тәтті жейді немесе таза ауамен тыныстайды. Ал қатты шаршағандар ән тыңдайды екен немесе бетін суық сумен шаяды.

2 мың адам қатысқан сауалнамада тек 9%-ы ғана жұмыс кезінде мүлде шаршамайтындарын айтқан. Респонденттердің айтуынша, аптадағы ең ауыр күн – дүйсенбі.
 

Тэгтер:

жұмыс кеңсе шаршау