Қазақстандық IT-жоба халықаралық байқауда жеңіске жетті

7 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Facebook

7 шілде күні Женевада өткен әлемдік цифрлық саммитте WSIS+20 форумының аясында Қазақстанның жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында бірінші орын алды. Бүкіләлемдік дауыс беру нәтижесінде «Ситуациялық-аналитикалық кешен» (САК) жобасы өз номинациясында үздік деп танылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Награданы Халықаралық электр байланысы одағының (МСЭ) басшысы Дорин Богдан-Мартин өзі табыстады. Салтанатты рәсімге түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

САК – Қазақстан Республикасы Президенті Істері басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген инновациялық цифрлық жүйе. Ол еліміз бойынша:

500-ден астам көрсеткішті нақты уақыт режимінде қадағалап отырады

Аймақтық және ұлттық деңгейде стратегиялық шешім қабылдауға көмектеседі

Президент Әкімшілігі мен Істер басқармасында сәтті қолданылып жатыр.

Бұл – 2013 жылдан бері Қазақстанның WSIS Prizes жобасындағы алғашқы жеңісі

Бұл – еліміздің цифрлық трансформациядағы жетістігін мойындау

Бұл – GovTech бағытының нақты нәтижесі

Бұл – ақпараттық технологиялар арқылы тиімді мемлекеттік басқарудың айқын мысалы

«Бұл жеңіс – тек бір жобаның ғана емес, бүкіл елдің технологиялық жетілуінің дәлелі», – делінген жоба командасының мәлімдемесінде.

Жобаның артында техникалық сараптама, көпжылдық жүйелі еңбек және заманауи басқару мәдениеті тұр. Команданы Рустам Қожасбаев пен оның әріптестері WSIS сахнасынан құттықтады.