Балқаш маңында тірідей жанып кеткен 7 адамның соңғы видеосы тарады

7 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Скриншот

Қарағанды облысындағы Ақшатау кенті маңында қайғылы жол апаты болды. Оқиға орнына қатысты видео әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің жанын түршіктірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Kia Sedona көлігінің жүргізушісі алдындағы көліктерді басып озбақ болып, жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол жөндеу жүргізіліп жатқан аймаққа кіріп кеткен. Сол сәтте көлік металл қоршауға соғылып, бірден өртеніп кеткен.

Көліктегілер құтқарылып үлгермеді

Апат салдарынан көлікте болған жеті адам – оның ішінде балалар да бар – тірідей жанып кетті. Тек жүргізуші мен бір жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр деп бағалауда.

Қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс туғызды. Оқиға орнынан тараған кадрлар жұрттың жүрегін ауыртты.

Тергеу жүріп жатыр

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апатының нақты себептері анықталуда. Сараптамалар тағайындалып, жол қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция өкілдері жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр:

Алыс жолға шығарда міндетті түрде демалыңыздар, асықпаңыздар. Жол ережелері – жай ғана қағида емес, олар адам өмірін сақтайды, — деп ескертті құқық қорғаушылар.

Тэгтер:

Жол апаты көлік Балқаш 7