Ақтаулық зілтемірші үш дүркін әлем чемпионы атанды

7 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Lada.kz

Ақтаулық зілтемірші Қайрат Үргешбаев АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингем қаласында өткен полицейлер мен өрт сөндірушілер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлады Turkystan.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс 27 маусым мен 6 шілде аралығында өтті. Бұл — күштік құрылым өкілдеріне арналған 21-ші Әлемдік ойындар, оған 96 елден 12 мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасында 72 спорт түрі қамтылған.

Қазақстан құрамасы сапында бар болғаны жеті спортшы болды, олардың екеуі — Маңғыстау облысынан.

Қайрат Үргешбаев 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол 220 келі штанганы көтеріп, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, ол чемпионатта рекорд орнатты.

Қайрат Үргешбаев — ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі. Ол Қазақстанның намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап жүр.

Сондай-ақ жарыста Маңғыстаулық тағы бір спортшы, «Семсер» өрт сөндіру қызметінің өкілі Уәлихан Бисенқұлов та жақсы нәтиже көрсетті. Ол 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлдені жеңіп алды.

Тэгтер:

Ақтау әлем чемпионы зілтемір