«Жаратқанның сыйы»: Айқын Төлепберген отбасына қатысты сүйінші жаңалығын айтты

Бүгін, 09:58 / Інжу Әлихан
İnstagram

Танымал өнерлі жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үшінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында хабарлады turkystan.kz.

«Жаратқанның ерекше сыйы. Жаным Жұлдыз Өмірғалидің аяғы ауыр. Мен тағы да әке атанғалы жатырмын. Бұйырса, бесінші сәбиіміз дүниеге келеді. Таңғы ұйқыны ұмытып, кішкентайдың иісімен мас боламыз. Бұл үлкен қуаныш біз үшін, сіздерге де жұғысты болсын», - деп жазған әнші. 

Желі қолданушылары оларға тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

«Жаным сол. Бізге де жұғысты болсын!», «Жұлдыз өте ақылды қыз. Бақытты болыңдар!», «Көп балалы әкелер тойда тегін қызмет етеді енді», «Екеуі де әдемі, бақытты болыңдар. Алла өзі жар болсын», - деп жазды олар.

Тэгтер:

әнші Бала сәби Айқын Төлепберген Жұлдыз Өмірғали