Таэквондодан Қазақстан (WT) құрамасы Оңтүстік Кореяда өтетін командалық әлем кубогына қатысады.
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында 7-9 шілде аралығында «Chuncheon 2025 World Cup Team Championships Series» турнирі өтеді. Бұл командалық жарыс - таэквондодан (WT) өтетін халықаралық деңгейдегі басты турнирдің бірі. Жыл сайын аталған додаға әлемнің түкпір-түкпірінен үздік құрамалар қатысады.
Аталған жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасы қатысады. Олардың қатарында Ергеш Бекасыл, Қанат Альмира, Асқар Аяулым, Тәукенова Аида, Аймұқашева Камила, Марипов Абдрахман, Ғаниев Мерген, Газез Нұрбек бар.