Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі продюсер Мөлдір Мұқанова Instagram-дағы парақшасында бөтен жігітпен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Видеодан Мөлдір Мұқанованың бөтен ер адаммен бірге бақытты отбасының құпиясы туралы ой бөлісіп тұрған сәтін көруге болады.
«Сен үшін бақытты отбасы деген не?» - деп сұрайды бейтаныс ер адам.
Әзілкештің жұбайы маңайындағы қария ерлі-зайыптыларға көз жіберіп, былай деп жауап қайтарады:
«Мәңгілік және адал отбасы», - дейді Мөлдір Мұқан.